Ақсулықтар отбасылық жәдігерлерге жаңа өмір сыйлай алады

Ақсулықтар отбасылық жәдігерлерге жаңа өмір сыйлай алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көне заттарды музейге экспонат ретінде тапсыруға болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

20 қыркүйек күні сағат 11:00-де «TUGAN QALA» жобасы аясында «Менің отбасымда сақталған құнды зат» атты музей фестивалі өтеді.

Көптеген отбасыларда көне мұралар, мұқият сақталатын және ұрпақтан-ұрпаққа берілетін заттар бар. Отбасылық дәстүрлер мен жәдігерлерді сақтау – біздің мәдениетіміздің бір бөлігі. Көне заттар туралы ақпаратпен бөлісу немесе музейге экспонат ретінде тапсыру арқылы сіз оларға жаңа өмір сыйлап, болашақ ұрпаққа тарихи зердені сақтап қана қоймай, тарихта өз ізіңізді қалдырасыз! – дейді жоба ұйымдастырушылары. 

Көрме Әуезов көшесі, 8 мекенжайы бойынша Ақсу тарихи-өлкетану музейінде өтеді.

Байланыс телефоны: +7(777)940-19-57 немесе +7(7183)76-46-99.