Павлодарда жұмыс істемейтін жүкті әйел МӘМС-ті қалай төлейді
Негізі жұмыссыз отырған болашақ аналар үшін аталмыш жарнаны мемлекет төлейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Павлодар облыстық филиалы мәлімдеді.
- Тұрғындар арасында жүкті әйел жұмыс істемесе МӘМС жарнасын төлеу керек пе және қанша төлейді? Бала туылғаннан кейін қалай болады? деген сарындағы сұрақтарды жиі қояды. Атап өтерлігі, егер жүкті әйел жұмыс істемесе ол МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін азаматтардың жеңілдікті санатына кіре алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша өз емханасына жүгініп, жүктілігі бойынша есепке тұруы қажет, - делінген хабарламада.
Ал әйелдің МӘМС мәртебесі "сақтандырылмаған" болса, онда оның учаскелік дәрігер мен акушер арқылы есепке тұруға мүмкіндігі бар.
Әйел босанғаннан кейін баласы үш жасқа толғанға дейін жұмыс істемейтін болса, ол басқа жеңілдікті санатқа кіреді және де мемлекет есебінен сақтандырылатын болады