Павлодарда зират аумағын тазалау таңертең және кешкі уақытқа ауысты
Оған себеп көлік санының шамадан тыс көп болуы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәлімдеуінше, зират аумағын тазарту жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.
- Ата-аналар күнін өткізуге байланысты қоқыстардың көлемі едәуір артты. Бүгінгі күні зираттың аумағында көлік санының шамадан тыс көп болуына байланысты күндізгі уақытта тазалау жұмыстарын жүргізу мүмкін болмайды. Бұл аумақты тазарту жұмыстары таңертеңгі және кешкілік уақыттарда жүргізіледі, - делінген хабарламада.
Қоқыс жинау жұмысына 12 бірлік техника жұмылдырылған. 24 сәуірден осы уақытқа дейін 760 тонна қоқыс шығарылды.
Жұмыстар күшейтілген режимде жүргізілуде.