27 сәуірде Павлодар облысында ыстық болады

27 сәуірде Павлодар облысында ыстық болады
Фото: Константин Шелков

Сынап бағанасы 25-27 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. 

Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14 м/с құрайды. 

Ауа температурасы түнде 6-8 градус, күндіз 25-27 градус жылы  болады.