Павлодарлық өрт сөндірушілер СҚО-дан батыр болып оралды
Олар көршілес өңірде екі апта бойы су тасқынына қарсы іс-шараларда белсенді қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында қызметкерлер халықты, мүлікті, үй жануарларын эвакуациялау, еріген суды айдау, бөгеттерді жөндеу, қапшықтар дайындау жұмыстарын жүргізді.
14 тәулік бойы су тасқынына қарсы іс-шараларға жеке құрамнан 14 адам және 10 бірлік техника жұмылдырылды.
Батырларды туыстары, әріптестері, Департамент басшылығы салтанатты түрде қарсы алды. Қызметкерлерге ТЖ министрлігі, басшылық және Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары атынан алғыс айтылды.
Естеріңізге сала кетейік, павлодарлық құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға көмектесуге 6 мамыр күні аттанған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram