Павлодарда зорлық-зомбылық мәселесі бойынша сала мамандары кеңес береді
Тұрғындар сұрақтарды құқық қорғау органдарына қоя алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Өңірде 25 қараша - 10 желтоқсан аралығында жыл сайынғы «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы өтуде. Мемлекттік органдардың өкілдерінің қатысуымен 5 желтоқсанда сағат 10:00-ден бастап сағат 13:00-ге дейін «Достық үйі» ғимаратында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өткізіледі.
Акцияның басты мақсаты – тұрғындарды осы мәселе бойынша мемлекет және қоғам тарапынан қабылданып жатқан шаралармен таныстыру, құқық мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, отбасылық құндылықтарды нығайту.
Павлодарлықтар құқық қорғау органдарының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер қатынастары, құрылыс, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және тағы да басқа сала мамандарынан кеңес ала алады.