Железиндік кәсіпкер алкогольді өнімді бір ай сата алмайды

Железиндік кәсіпкер алкогольді өнімді бір ай сата алмайды

Дүкен сатушысы арақты белгіленбеген уақытта сатқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазақстанда сағат 21:00 ден келесі күнгі сағат 12:00 дейін,  бөлшек сауда арқылы ішімдік өткізуге тыйым салынған.  Дүкен сатушысы 24 маусымда сағат 10:20 этил спиртінің көлемді үлесі 30% асатын, бір бөтелке арақты ауыл тұрғынына сатқан. Аталған әкімшілік құқықбұзушылық іс Железин аудандық сотында қаралды.

 – Сот отырысында жеке кәсіпкер  кінәсін толығымен мойындап, бұзушылыққа жол бергенін дауламай, сатушыға алкогольді өнімдерді тыйым салынған мерзімде сатуға тоқтату жөнінде,  ескерткенін көрсетті, – делінген сот қаулысында. 

Сот қаулысымен жеке кәсіпкер ӘҚБтК-нің 200-бабы 3-бөлігімен көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, осы бап бойынша оған жаза ретінде 1 ай мерзімде алкоголь өнімдерін сатуға лицензияның қолданысын тоқтатумен қоса, 96 600 теңге әкімшілік айыппұл  салынды. 

Қаулы заңды күшіне енді.

Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті