Павлодарда қала ішінде Chevrolet Niva аударылып қалды

Павлодарда қала ішінде Chevrolet Niva аударылып қалды

Оқиға кезінде екі адам зардап шекті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

1 сәуір күні сағат 13:10 шамасында Радищев көшесінде «ВАЗ-21102» көлігінің жүргізушісі жол бермей, «Шевролет» көлігімен соқтығысқан.

 - Жол апаты салдарынан екі адам ауруханаға жеткізілді.  Тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, - деді облыстық полиция департаменде. 

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, 47 жастағы әйел ауруханаға жатқызудан бас тартты.  Миы шайқалған 31 жастағы ер адам №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.

Еске салайық, дұған дейін Циолковский көшесі – Кіші айналма жолының қиылысында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысуы салдарынан зейнеткердің қаза тапқаны хабарланған болатын.  Зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілді.

Фото: ашық дереккөздерден