Баянауылда тауда аяғын сындырған турист құтқарылды
Құтқарушылар қарағандылық жігітті 200 метр биіктіктен түсірді, деп хабарлайды Pavlodarnew.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 маусымда сағат 08.45-те "Берёзовая роща" демалыс үйіне орналасқан ер адам тауда аяғын сындырып алғандығы туралы хабарлама түскен.
- Оқиға орнына 5 адам және бір техника жіберілді. 2002 жылы туған ер адам Баянауылға демалуға Қарағандыдан келген, - деді департаментте.
Оқиға орнына келген құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ер адамның сол аяғын таңып берді. Альпинистік жабдықтар мен зембілдердің көмегімен зардап шегушіні 200 метр биіктіктен 600 метр қашықтыққа эвакуациялап, 103 қызметкерлеріне тапсырды.