Павлодарда қар тазалау қарқынды жүруде

Павлодарда қар тазалау қарқынды жүруде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық «109» ақпараттық-анықтамалық қызметінің мәлімдеуінше, қарды шығару және тазарту мәселесі бойынша 300-ден астам өтініш келіп түскен.

Ережелерге сәйкес, кептеліс болмас үшін, өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ қардан орташа қарқындылығы бар учаскелер тазаланады. Онда вокзал аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б, – делінген хабарламада.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша облысымызда 27 қаңтарда бұлтты, кей жерлерде қар жауады. Оңтүстік-батыста жел мен боран күтіледі, екпіні – секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20 градус, күндіз 9-14 градус нөлден төмен, аяз болады.