Павлодардың қай көшелерінде апта соңына дейін жарық болмайды?

Павлодардың қай көшелерінде апта соңына дейін жарық болмайды?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электр желілеріндегі жұмыстар сенбіге дейін жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Осыған байланысты үш күн бойы сағатқа дейін электрмен жабдықтау өшіріледі.

10 қазанда Абай көшесі 83, 110/1, Бекмаханов көшесі 31, Қайырбаев көшесі, 86, 88, 90, 92 мекенжайларда сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жарық болмайды.

11 қазанда сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Мәшһүр Жүсіп көшесі, 20, 20/2, 23, 24, 29 және Лермонтов көшесі, 83, 85, 87/1 бойында электр қуаты өшіріледі.

Ал 12 қазан күні Қайырбаев көшесі, 80, 82 үйлерінде сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жарық сөндіріледі.