Павлодарда үш автобустың қозғалыс бағыты бір күнге өзгерді

Павлодарда үш автобустың қозғалыс бағыты бір күнге өзгерді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сағат 20:00-ге дейін Қамзин көшесі бойынша Радищев көшесінен Каз.Правды көшесіне дейінгі қозғалыс жабылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, № 1э, 9 және 52 автобус маршруттарының қозғалыс сызбаларына уақытша өзгерістер енгізілді.

№ 1э автобус бағыты Ладожская аялдамасына Н. Назарбаев даңғылы арқылы кіреді (Каз.Правда және Қамзин көшелеріне кірмейді).

№ 9 автобус бағыты Қамзин көшесі бойынша солтүстіктен оңтүстікке қарай жүру кезінде Қамзин – Амангелді – Катаев – Н.Назарбаев даңғылы және маршрут бойынша (Ладожская көшесіне кірмей) айналып өтеді. Сол сияқты кері бағытта.

№ 52 автобус бағыты солтүстіктен оңтүстікке қарай Қамзин көшесімен жүріп, Қамзин – Амангелді – Н.Назарбаев даңғылы – Ладожская көшелері бойынша қатынайды. Сол сияқты кері қозғалыс бағытында.