20 наурызда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, түнде сынап бағанасы -7...-9 °C, күндіз -1..+1 °C көрсетеді.
Көшпелі бұлт шығып, қар мен жаңбыр аралас аздаған жауын-шашын жауады.
Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрді құрайды.