ТЖД павлодарлықтарға найзағай кезіндегі сақтық шараларын түсіндірді
Найзағай параличке, терең есін жоғалтуға, тыныс алу мен жүректің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы найзағай кезінде сақтық шараларын қолдануды ұсынады.
Найзағай соққан кезде үйде терезелер мен есіктерді жабу; радиоқабылдағышты, теледидарды және басқа электр құрылғыларын тоқ көзінен ажырату; сымдарға, антенналарға жақындамауға; терезенің жанында тұрмауға кеңес беріледі. Телефонмен сөйлесуге және ұялы телефонды пайдалануға тыйым салынады.
– Егер сіз орманда болсаңыз, төмен өсетін орманды алқаптарды паналаңыз, биік және жалғыз тұрған ағаштардың жанынан алшақ болыңыз, – дейді құтқарушылар.
Егер найзағай азамат көлікте болғанда түссе, көліктен шықпай, терезелерді жауып, радиоқабылдағышты өшіру ұсынылады. Қоғамдық көлік аялдамаларының, билбордтардың, аяқталмаған ғимараттардың, ағаштардың астында жасырынуға тыйым салынады. Қатты жел кезінде электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті. Көліктерді билбордтардың, биік ағаштардың жанына қоюға тыйым салынады, өйткені олардың құлау ықтималдығы жоғары.