Павлодарда қоқыс үйіндісі өртенді

Павлодарда қоқыс үйіндісі өртенді

Жалын жалпы ауданы 1,5 гектар жерге тараған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Бүгін сағат 17:06-да Павлодар қаласында Успен көпірінің артында қалалық қоқыс үйіндісінде түтін шығып жатқаны туралы 101 пультіне хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер полигонының жанып жатқанын анықтады, - делінген хабарламада. 

Өрт шыққан жерге Павлодар облысы ТЖД 1 техникасы мен 3 қызметкер, жергілікті атқару органынан 5 су тасу техникасы, "Эко Алем-ПВ" ЖШС 12 КАМАЗ, 5 жүктиегіш техникасы жұмылдырылды.