Павлодарда Құрбан шалатын орындар тексерілді

Павлодарда Құрбан шалатын орындар тексерілді
Фото: Константин Шелков

Биылғы Құрбан шалу рәсімі әдеттегідей оффлайн және онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Құрбан айт мерекесі қарсаңында Павлодар қаласының әкімі, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы және тиісті мамандар Құрбан шалу, оны бөлу, ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ «Құлагер» ипподромында Құрбан айтқа дайындық пысықталды. 

– Қала әкімдігінің  мүмкіндіктер жасауы нәтижесінде биылғы Құрбан айт жоспарымызға сай қалыпты деңгейде өтетініне сенемін. Қала әкімі  Ержан Иманзайыпов Құрбан шалатын орындардың дайындығын арнайы тексеріп, жауапты адамдарға  тиісті тапсырмалар берді, – дейді облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлы.

Оффлайн форматта адамдар Құрбан шалатын жерге барып, мал сатып алады. Мешіт молдалары  діни рәсімдерді атқарып береді.

Ал онлайн Құбан шалу - адамдардан тапсырыстар қабылдап алып, дін қызметшілерінің діни рәсімдерді орындауы. Құрбан еттері халыққа және мешіт, медрсеселерге  тәртіпке сай бөлініп беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, үш күндік Құрбан айт мейрамы 28 маусымда басталады.