Павлодарлық ТЖД қызметкерлері жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионы атанды
![Павлодарлық ТЖД қызметкерлері жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионы атанды](https://pavlodarnews.kz/uploads/images/202502/image_750x_67aede6357adb.jpg)
Астанада жеңіл атлетикадан республикалық чемпионат өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өңіріміздің ведомство қызметкерлері жарыста тамаша өнер көрсетіп, бірден бірнеше чемпиондық атаққа ие болды.
– Азаматтық қорғау капитаны 9-ӨСБ қарауыл бастығы Василий Викторович Макеев 60, 200, 400 метрге жүгіруден керемет жылдамдықты көрсетіп, бірден үш кезең бойынша бірінші орынды иеленді, – деді департаментте.
Сонымен қатар, 7-ӨСБ қарауыл бастығы Сергей Юрьевич Борт биіктікке, ұзындыққа, үш рет секіру түру бойынша секторларын жеңіп, үш алтын медаль иеленді.
МӨСБ тылдық қамтамасыз ету тобының технигі Қанат Шакуов 4×200 метрлік,4×200 метрлік аралас, 4×400 метрлік эстафетада және 800 метрге жүгіруде бірінші орынды жеңсе, Ядроны итеруде екінші орынды қанжығаға байлады.