Павлодарда үйдің кіреберісінде дәрет сындырған тұрғын жазаланды

Павлодарда үйдің кіреберісінде дәрет сындырған тұрғын жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ер адамға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсақ бұзақылықтың ең көп тараған түрі –  балағат сөздер, адамдарды қорлау, темекі тұқылы және тұрмыстық қоқыстармен қоғамдық орындарды ластау.

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында  құқық бұзушылық туралы бейнежазба жарияланған.

–    Ер адам көпқабатты үйдің баспалдақ алаңында дәрет сындырып, сол арқылы жалпы аумақты ластады. Оның жеке басы анықталды. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, –  деді департаментте.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 64 тұрғын жауапқа тартылды.