Павлодар облысының табиғи резерваты республикалық байқауда жүлделі болды
Бұл байқау үздік экологиялық акция негізінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы «Парктер шеруі» үздік экологиялық акциясы республикалық байқауының қорытындысы бойынша «Ертіс орманы» табиғи резерваты «Саябақтар шеруі - 2023» экологиялық акциясын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін екінші орынды иеленді.
– Табиғатты қорғау акциясын өткізуге белсенді қатысқаны және көмек көрсеткені үшін барлық қатысушыларға: Шарбақты ауданы мен Аққулы ауданының әкімдіктеріне, білім, ішкі саясат бөлімдерінің басшыларына, екі ауданның мәдениет үйлерінің қызметкерлеріне, кітапханашыларға алғыс білдіреміз, – дейді «Ертіс орманы» табиғи резерватында.
Сонымен қатар, резерват қызметкерлері Павлодар облысының білім беру мекемелерінің ұстаздары мен оқушыларына, «Жасыл ел» облыстық штабына, облыстық аумақтық инспекциясына, сондай-ақ аудандардың тұрғындарына, мектеп орманшыларына, Шалдай және Бесқарағай филиалдарының мектеп орманшылықтарының шеберлеріне алғыстарын білдірді.
«Ертіс орманы» резерваты осы акцияның аяқталуымен табиғатқа көмек көрсету бойынша игі істер аяқталмайтынын жеткізді.