Павлодарда үздік мектептер марапатталды
Естай атындағы мәдениет сарайында білім беру ұйымдары қызметкерлерінің тамыз конференциясы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жиын барысында өткен оқу жылының қорытындысы шығарылып, педагогикалық ұжымдарға құрмет көрсетілді.
«Digital Kazahstan: жаңа шындықтағы білім» республикалық тамыз Саммитін өткізу тұжырымдамасына сәйкес 19-21 тамызда 31 секцияға қаланың 2000-нан астам педагогі қатысты. Ұстаздар оқыту мен тәрбиелеудің үздік тәжірибелерін, білім беруде цифрлық технологияларды, жасанды интеллект мүмкіндіктерін, сапалы контекст құруды, оқу үдерісін жетілдіру үшін жағдайлар жасауды ұсынды. Пән-мұғалімдері критериалды бағалауды енгізу, сапалы білім беру үшін цифрлық технологияларды интеграциялау тәжірибесімен бөлісті.
«Сапалы білім беретін мектеп» қалалық конкурсының қорытындысы бойынша номинацияда – М. Жүсіп атындағы № 35 мектеп, «Жас - 2024» қалалық конкурсының қорытындысы бойынша номинацияда – М. Әлімбаев атындағы, Б. Момышұлы атындағы мектеп марапатталды. Қалалық «Жасыл желек» конкурсының қорытындысы бойынша «Үздік гүлденген мектеп алаңы» номинациясы бойынша бас жүлде – №30 мектепке, І орын – М. Әуезов атындағы, ІІ орын – №6, ІІІ орын А. Шамкенов атындағы мектепке берілді.
«Үздік гүлденген балабақша алаңы» номинациясы бойынша – № 24 балабақша, «Шыңдарға жетелейтін мектеп» номинациясы бойынша – Ә.Бөкейхан атындағы, №39 мектеп, «Мектептің үздік әдістемелік қызметі» номинациясы бойынша – Ш.Шөкин атындағы мектеп-гимназиясы, Кенжекөл ЖОМ, «Балабақшаның үздік әдістемелік қызметі» номинациясы бойынша –№33, 126 балабақшалар, «Қосымша білім беру ұйымының үздік әдістемелік қызметі» номинациясы бойынша экология және туризм балалар мен жасөспірімдер орталығы аталып өтті.
«Табысты инновациялық стратегиясы» қалалық конкурсының қорытындысы бойынша бас жүлде – А.Байтұрсынұлы атындағы ЖОМ, 1-орын – А.Шәкенов атындағы мектепке, 2-орын – М.Әуезов, Ә.Бөкейхан атындағы мектептерге, 3-орын № 17, 36 ЖОМ, Жетекші ЖОМ ұжымдарына бұйырды.
«Табысты тәлемгерлік» номинациясы А. Байтұрсынов атындағы, М. Әуезов атындағы мектептер мен № 6, 122 балабақшаларға табыс етілді.
Павлодар қаласындағы білім беру бөлімінің жүйесіне 140 ұйым кіреді, оның ішінде 127-і – мемлекеттік (73 балабақша, 45 мектеп, ОӨК, сегіз мектептен тыс ұйым), 13-і – жеке меншік (мектептер – 3, мектепке дейінгі ұйымдар – 10). 2024 жылы білім беру жүйесінің бюджеті 55,1 млрд теңгені (2023 – 47,9) құрады, оның ішінде даму бюджеті – 3,3 млрд теңге.