Павлодарлық үш оқушы ЮНЕСКО клубтар федерациясында таланттарын танытты

Павлодарлық үш оқушы ЮНЕСКО клубтар федерациясында таланттарын танытты
Фотоны Екібастұз қаласы №10 мектеп баспасөзі ұсынды

Фестивалге әлемнің 34 елінен 3 пен 18 жас аралығындағы мыңдаған балалар мен жастар қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.  тілшісі.

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы ұйымдастырған «THE PLANET OF ART – 2024» халықаралық жастар фестивалінің финалистер мен жоба жеңімпаздарының жұмыстарының көрмесі, сондай-ақ жеңімпаздарды марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Фестивальға әлемнің 34 елінен 3 пен 18 жас аралығындағы мыңдаған балалар мен жастар өздерінің әлемдік мұра нысандарын көрсететін жұмыстарын ұсынды.

Аталмыш іс-шараға өңірімізден үш жас қатысып, өздерінің таланттарын әлемдік мықтылардың қаралымына ұсынды.

–   Мені іс-шараның ауқымы таң қалдырды, барлығы жақсы ойластырылған. Шымбұлақ тау курортына, Көк төбеге, Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына бардық,  дейді фестивальға қатысушы Нәби Сұлтанбейбарыс.

Ол мамыр айында конкурсқа дайындаған жұмысын тапсырып, артынан жоба жеңімпаздары жұмыстарының көрмесіне шақырту алыпты.

–   Бес жасымнан бастап сурет салуды үйрететін мектепке барамын. Үйрену барысында жақсы нәтижелер мен жақсы көрсеткішкер көрсетете алдым. Менің, оқытушыларымның қажырлы еңбегінің және ата-анамның қолдауының арқасында финалист болдым,  дейді талантты жас.

Талапкер баланың талмай еңбектенуінің арқасында жұмыстары Париж қаласында өтетін көрмеге жолдама алды.