Павлодарда үздік тәрбиешілер анықталды

«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі - 2025» республикалық байқауы қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жарысқа № 5, 8, 18, 24, 27, 30, 32, 33, 42, 72, 104, 111, 112, 121 сәбилер-балабақшасының 16 педагогі, оның ішінде 12-тәрбиеші, үш музыка жетекшісі, бір логопед қатысты.
I турдың қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған тоғыз педагог «Балалармен өткізілетін педагогикалық іс-шара» атты II турға жіберілді. Олар бейтаныс топта балалармен ашық іс-шара өткізіп, өздерінің инновациялық педагогикалық тәжірибелерін таныстырды.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені № 30 сәбилер-бақшасының тәрбиешісі Сандуғаш Асаинова иеленді. Мәселені шешу үшін педагог инновациялық дидактикалық ойындарды қолдана отырып, жаңа материалды игеруге негіз болатын жағдайларды, әдістер мен тәсілдерді қолданады.
I орын № 33 сәбилер-бақшасының тәрбиешісі Ботагөз Бакееваға берілді. Педагог ойын технологиялары практикасында қолданатын ұлттық құндылықтар арқылы мектеп жасына дейінгі баланың коммуникативті қызметі мен бастамашылығын дамытуға бағытталған.
II орын иегері № 24 сәбилер-бақшасының тәрбиешісі Елена Дорн оқу сауаттылығын дамыту бойынша ұйымдастырылған қызметте инновациялық әдістер мен технологияларды пайдалана отырып, балалар ұжымын шебер меңгерген.
III орын № 27 сәбилер-бақшасының тәрбиешісі Анастасия Войцеховскаяға берілді. Педагог мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және зияткерлік дағдыларын дамытуда квест технологиясын қолданудың тиімді әдістерін көрсетті.
Ең көп балл жинаған қалалық кезеңнің бес жеңімпазы байқаудың облыстық кезеңіне жіберіледі. Байқау жүлдегерлерін салтанатты марапаттау мұғалімдер күніне арналған қалалық іс-шарада өтеді.