Павлодарда әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне енгізуге өтініштер қабылдайды
1-15 желтоқсан аралығында өтініш тапсыруға болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне енгізуге өтініштер қабылдау басталады.
Өтінімдерді 1-15 желтоқсан аралығында жұмыс күндері сағат 9.00-ден - 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-14.30. (жергілікті уақыт) қабылдайды. 15 желтоқсаннаң кейін берілген өтінімдер қабылданбайды.
Өтінім беру мекенжайы: Астана көшесі, 61-үй, бірінші қабат, 112, 114-кабинеттер. Электрондық пошта мекенжайы: suleimenova.roza@pavlodar.gov.kz.
Толық ақпаратты 32-33-21, 32-33-09 нөміріне қабарласып білуге болады.