Павлодарда әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды
Әйел адам полицияға жолдасы үйінен қуып шыққаны туралы айтып, қоңырау шалған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны сағат 11.00 шамасында «102» операторының пультіне күйеуінің жанжал шығарып, балағат сөздер айтқанын және күш қолданумен қауіп төндіретінін айтқан. Жанжал балалардың көз алдында болған.
– Аталған факті бойынша 1971 жылы туған тұрғын осымен бірнеше рет отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында бұзушылықтарға жол бергені анықталды. Ер адам ҚР ӘҚБТК-нің 73-1 бабы, 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі топтың инспекторы Әсем Рахимова.
Сот шешімі бойынша ер адам 15 (он бес) тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБТК 461-бабының 1-бөлігі – «қорғау нұсқамасын бұзу» бойынша хаттама толтырылды.