Павлодарда өз бетінше құрылыс салу фактілері анықталды

Павлодарда өз бетінше құрылыс салу фактілері анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бүгінгі таңда екі нысан бойынша бұзуға санкциясы бар сот актілері шығарылды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мәліметінше, облыс орталығында өз бетінше құрылыс салу фактілері орын алған. Осыған байланысты апта сайын аталған объектілердің меншік иелеріне қатысты құзырет бойынша шаралар қабылдау үшін материалдарды облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жібере отырып, заңсыз салынып жатқан объектілерге мониторинг жүргізіледі.

– Ағымдағы жылдың басынан бастап сегіз заңсыз құрылыс нысаны анықталды. Қолданыстағы заңнама шеңберінде шаралар қабылдау үшін Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына тиісті хаттар жолданды, – деді бөлімде. –  Бүгінгі таңда екі нысан бойынша бұзуға санкциясы бар сот актілері шығарылды. Қалған нысандар бойынша осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Бұл ретте, сәулет бөлімі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске сәйкес сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі және тұрғын үй қатынастары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар жеке, заңды және лауазымды тұлғаларға айыппұл салуға әкеп соғатынын еске салады.