Павлодардан Шарбақтыға шығатын көпір екі күнге жабылады
Жолжелісінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың 22 мамыры мен 24 мамыры аралығында Шарбақты жолжелісін асфальттау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, осы бағыт бойынша қозғалыс жабылады.
Қалалық әкімдік жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды және келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді.