Павлодарда 103 қызметкерлері биіктен құлағандар мен өрттен зардап шеккендерге көмектесті
Әрі үйде босанудың бір жағдайын қабылдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодардағы 103 қызметі үшін өткен демалыс күндері қарбаласқа толы болды. Медицина қызметкерлері үй жағдайында 25 жастағы әйелді босандырып алса, өрттен зардап шеккен үш адамға көмекке барды. Сонымен қатар, биіктіктен құлағандарға алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Апта соңында жедел жәрдем қызметіне түсетін қоңыраулар саны артты. Егер жұма күні қызметке 638 шақырту келіп түскен болса, жексенбі күні олардың саны 724-ке жеткен.
– 3 сәуір күні Екібастұз қаласында 103 қызметінің мамандары үй жағдайындағы босану дерегіне шықты. Шұғыл шақырту сағат 06:02-де түскен. Қоңырау шалған адамның айтуынша, 25 жастағы әйелдің толғағы басталған. 9 минуттан кейін медицина қызметкерлері оқиға орнына жетті. Бала медициналық бригада келген кезде дүниеге келді. Салмағы шамамен 3 келі болатын ұл бала дүниеге келді. Медицина қызметкерлері жылу тізбегін сақтап, ана мен жаңа туған нәрестені тұрақты жағдайда қалалық перзентханаға жеткізді, - делінген хабарламада.
Сол күні жедел жәрдем қызметі газ баллонының жарылуынан болуы мүмкін өрт орнына барды. Оқиға Ақсу қаласындағы үйлердің бірінде болған. Хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына жедел жәрдемнің үш бригадасы жіберілді. Оқыс оқиғадан үш адам зардап шеккен. Олар 1970 және 1972 жылы туған әйелдер әртүрлі күйік алған, сондай-ақ 32 жастағы ер адам қолынан кесілген жарақат алған. Барлығы Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді.
Өткен жексенбі күні облыс орталығында Павлодардың 103 қызметінің медицина қызметкерлері бірден биіктіктен құлаудың үш жағдайына шықты. Бірінші жағдайда Орталық өнеркәсіп аймағында шамамен 6 метр биіктіктен 50 жастағы ер адам құлаған. Белгілі болғандай, ол ағаштан мысықты түсірмек болған. Әртүрлі сынықтармен және жарақаттық шок жағдайында ол Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді.
Сол ауруханаға Кенжекөл ауылының 30 жастағы тұрғыны жеткізілді. Ер адам өз үйінде биіктіктен құлап, түрлі сынықтар алған.
Үшінші жағдайда өкінішке қарай, медицина қызметкерлері зардап шеккен әйелге көмектесе алмады. Шамамен 50-60 жастағы белгісіз әйел Ак.Марғұлан көшесіндегі үйлердің бірінің маңында биіктіктен құлап, өмірге сәйкес келмейтін жарақаттар алған.
103 қызметінің мәліметінше, жылы мезгілдің басталуымен дәстүрлі түрде «маусымдық» жарақат алу қаупі артады. Жазғы демалыс аурухана төсегінде аяқталмауы үшін медицина қызметкерлері Павлодар облысының тұрғындарын балаларды москиттік торы бар ашық терезелердің жанында қараусыз қалдырмауға, биіктікте жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауға және газ жабдықтарының жарамдылығын бақылауға шақырады. Сонымен қатар, жүргізушілер үшін жылдамдық режимін сақтау және жолдарда самокаттар мен мотоқұралдардың пайда болуын ескеру маңызды. Ал жаяу жүргіншілер мен жеке қозғалыс құралдарын пайдаланушыларға жарық қайтарғыш элементтер мен қорғаныс құралдарын пайдалану, сондай-ақ жолдан өту ережелерін қатаң сақтау ұсынылады.