Павлодар облысында апта бойы боранды болады
Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 12 қарашада облыстың облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған қар жауады. Сынап бағанасы түнде -8...-13°С, ал күндіз -5...-10°С-ты көрсетеді.
13 қарашада қар жауып, боран соғады. Ауа температурасы түнде -10...-15°С, ал күндіз -5...-10°С суық болады.
14 қарашада күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауады. Боран күтіледі. Сынап бағанасы түнде -10...-15°С, ал күндіз -3...-8°С-ты көрсетеді.
15 қарашада да қар мен боран соғады деп күтілуде. Ауа температурасы түнде -3...-8°С, ал күндіз 0...-5°С суық болады.
Сенбіде жауын-шашынсыз болмақ. Сынап бағанасы түнде -1...-6°С , ал күндіз 0...-5°С-ты көрсетеді.
Жексенбіде де күн ашық болады. Ауа температурасы түнде -3...+2°С, ал күндіз 0...-5°С суық болады.