Павлодардағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде үш ауданның өнімі ұсынылады
Ал тауық жұмыртқасымен жергілікті құс фабрикалары қамтамасыз етеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының мәлімдеуінше, жәрмеңке Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылуда.
- 14 қазан күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Железин, Павлодар, Шарбақты аудандары және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады. Ал тауық жұмыртқасын жергілікті құс фабрикалары "Павлодар Құс" ЖШС, "Шарбақты Құс" ЖШС қамтамасыз етеді, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, күнделікті фермерлер нарығында етті нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сату жалғасуда.
Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының «Народный» және Ақсу қаласының «Ауыл базары», сондай-ақ облыстың 10 ауылдық аудандарында ұйымдастырылады.
Фермерлер нарығы сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Jailau базары Торговая көшесі, 2А құрылысы Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысында орналасқан.