Павлодардағы кәсіпорындардың бірінде әйел биіктен құлап кетті
Ол түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Дәрігерлердің мәліметінше, биіктен құлаған жұмысшы Павлодар қаласындағы № 1 ауруханаға жеткізілген.
Белгілі болғандай, зардап шеккен әйелдің аяғы, қабырғасы, жамбас сүйектері сынған және миына зақым келген. Науқасқа уақытша бекітпе орнату бойынша ота жасалған. Қазіргі сәтте жансақтау бөлімшесінде жатыр. Дәрігерлер пациенттің жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр. Ол есін біледі және жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
— 1979 жылы туған кран машинисі зардап шеккені анықталды. Оқиғаның мән-жайы, себептері тергеу-тексеру шараларынан кейін белгілі болады, — деді Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті өңірлік департаментінің басшысы Асқар Қапанов.
Әйел 30 наурыз күні түнде 15 метр биіктіктен құлаған.