Павлодардың бір ауданында су уақытша өшіріледі

Павлодардың бір ауданында су уақытша өшіріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шектеу су құбырындағы кранды ауыстыру жұмыстарына байланысты енгізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 шілде күні сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін төмендегі мекенжайларда су болмайды:

  • Бекмаханов көшесі, 33, 37; 
  • Бұқар жырау көшесіндегі Естай көшесінен Кривенко көшесіне дейінгі жеке тұрғын үйлер. 

Тұрғындарға алдын ала қажетті мөлшерде су жинап алу ұсынылады.