Павлодардың кейбір тұрғын үйлерінде жарық болмайды

Павлодардың кейбір тұрғын үйлерінде жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электр желісінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 қазан күні сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін Гагарин көшесі, 27 және Кирпичная – Гагарина – Комиссарская – Амангелді көшелері алаңындағы тұрғын үйлер жарықсыз қалады.

Сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Бакинская көшесі, 3, Ш. Айманов атындағы кинотеатр және Павлов көшесі, 27-үйде электр қуаты сөндіріледі.