«Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ 2025 жылдың қорытындыларын шығарды

«Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ 2025 жылдың қорытындыларын шығарды
Фото: «ЕЭК» АҚ

«Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ 2025 жылдың қорытындыларын шығарды

Кәсіпорын ERG тобының құрамына кіреді.

«Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» акционерлік қоғамы өткен жылғы реттелетін қызмет түрлері бойынша қорытындыларын жариялады.

Тұтынушыларға көрсетілетін реттелетін қызметтер және барлық мүдделі тараптар үшін есептер ұсынылды. Құжаттарда бекітілген тарифтік сметалардың және инвестициялық бағдарламаның орындалуы, қызмет сапасы мен сенімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу, сондай-ақ кәсіпорын жұмысының тиімділігі туралы мәліметтер қамтылған. Сонымен қатар, көрсетілген қызмет көлемі мен компанияның даму перспективалары жөнінде ақпарат берілді.

«ЕЭК» АҚ – еліміздегі ірі энергетикалық кәсіпорындардың бірі. Ол 1996 жылғы 19 наурызда құрылған. Компания Қазақстанда өндірілетін электр энергиясының 17 пайыздан астамын және көмірдің шамамен 20 пайызын қамтамасыз етеді. Құрамына Ақсу электр станциясы мен «Восточный» кеніші кіреді. «ЕЭК» АҚ жылу энергиясын өндіру және сумен жабдықтау салаларында табиғи монополия субъектісі болып табылады.

Серіктестік материал

Файлдар