Павлодардың орталығында ірі қара жайылып жүр
Қалалық саябақ аумағында қараусыз жайылып жүрген онға жуық үй жануары анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Оқиға туралы хабарлама «102» арнасына түскен. Амангелді көшесінің бойындағы саябаққа келген тәртіп сақшылары малдың иесін анықтады.
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін мал иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Полиция өкілдері мал иелерін жануарларды ұстау және жаю кезінде белгіленген талаптарды сақтауға шақырды. Қараусыз қалған ірі қара азаматтардың қауіпсіздігіне және жол қозғалысына қауіп төндіруі мүмкін.