Павлодардың бірнеше тұрғын үйінде жарық болмайды

Павлодардың бірнеше тұрғын үйінде жарық болмайды
Фото: Константин Шелков

Электр желісінде жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық 109 бірыңғай байланыс орталығының мәліметінше, жөндеу науқанына байланысты Қалалық электр желілері кәсіпорны 12 тамыздан 16 тамызға дейін сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін ӘЖ, КТП, ТП – 10/0,4 кВ жабдықтарын жөндеу жұмыстарын жоспарлады. Осыған байланысты келесі мекенжайлар бойынша электр қуатымен қамтамасыз ету қызметі тоқтатылады: 

– Сұрағанов көшесі, 17 – «Il Gusto» пиццериясы, «Inmart» супермаркеті; 

– Сұрағанов көшесі, 17/1 – «Алазани» грузин тағамдарының мейрамханасы; 

– Сұрағанов көшесі, 17/3 – «Джаконда» ойын-сауық кешені, «Vedro» бары;

– Сұрағанов көшесі, 19 – «АйроСнаб» сауда фирмасы, нотариус, «Акко», «Транзит-ойл» көтерме қоймасы, «Ертіс Транс Строй» №1 БЖСММ қойма сақтауы, Буфет, Спутниктік жабдықты сататын компания, «Alpenhof» мейрамханасы;

– Сұрағанов көшесі, 19/1; 

– Бакинская көшесі 1/1 – «РемСтройПутьПавлодар», «Альянс» сауда компаниясы, Көлік Сервис Орталығы;

– Бакинская көшесі, 1/2 – кеңселер; 

– Бакинская көшесі, 4 – Р. Нұртазин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп.

Сондай-ақ, ТП-537 ВЛ – 0,4 кВ жабдықтары бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін төмендегі тұрғын үйлерде жүргізіледі:

– Димитров көшесі – Архангельск көшесі – Салтыков-Щедрин көшесі – Таллин көшесі.