Павлодардың кейбір жанармай бекеттері жарықсыз қалады

Павлодардың кейбір жанармай бекеттері жарықсыз қалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ағаш кесу және электр желісінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 мамыр күні сағат 9:00-ден 17:00-ге келесі мекенжайлар бойынша электр қуатымен қамтамасыз ету қызметі тоқтатылады:

  • «Достық» ауданы;
  • 14-ші жылдық көшесі, жол пайдалану бөлімі;
  • «Наройл», «ЮГ-ДЭУ», «14-ші жылдық» жанармай бекеттері;
  • «Южный», «Строитель», «Энтузиаст» бау-бақша серіктестіктері.