Екібастұздық спортшы қатарынан екі жүлде алды
 
                                    Бойжеткен халықаралық чемпионатқа қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өзбекстан астанасында ересектер арасында жеңіл атлетикадан Орталық Азия елдерінің екі күндік ашық чемпионаты өтті. Жарысқа Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қазақстан, Украина және Әзербайжаннан 400-ден астам спортшы қатысты.
Олимпиада резервін даярлау орталығының атынан шыққан екібастұздық спортшы Полина Карел Қазақстан құрамасы сапында бақ таластырды. Ол 4х100 метрге эстафетада алтын, ұзындыққа секіруде қола жүлдегер атанды.
 
                         
 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
    
             
    
             
    
             
    
             
    
             
    
             
    
 
         
    
 
         
    
 
    
                                        
                                     
    
 
    
 
    
