Павлодардың солтүстігінде тұрғын үйлерге ыстық су беріле бастады

Ыстық су берудің толық кестесі жақын күндері жарияланады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімінің орынбасары Ануарбек Аманов өзінің Instagram-парақшасында мәлімдегендей, 10 сәуірден бастап қалада жүргізіліп жатқан жылу желілеріндегі жоспарлы сынақ жұмыстары аяқталуға жақын.
Солтүстік желілік аймақта сынақтар аяқталып, тұрғын үйлерге кезең-кезеңімен ыстық су беру басталды. Қазіргі таңда 256 үйге ыстық су берілді және жұмыстар әлі де жалғасуда. Ақауларды жоюға 40 бригада жұмылдырылған.
Солтүстік желілік аймағы бойынша тұрғын үйлерді ыстық сумен қамту кестесі мекенжайларымен бірге 24 сәуірде, ал оңтүстік аймақ бойынша 26 сәуірде жарияланады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram