Павлодардың іргесіндегі кентте қандай кәсіпорын ауаны ластауда?
Әлеуметтік желіде Ленин кентінде бұрынғы лимонад зауыты аумағын түн ішінде түтін басатыны туралы шағым пайда болды, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
– Әр түн сайын бір нәрсе жағады. Үйдің іші қапырық, терезені ашу мүмкін емес. Ауа жоқ. Бақшадағы судың бетінде күлдің қабаты пайда болды. Бұл – шаң емес, күл. Бірнеше рет әкімдікке жүгіндік, бірақ ешқандай нәтиже жоқ, – дейді видеоның авторы.
Облыстық экология департаментінде видео түсірген әйелмен сөйлесіп, мәселенің мән-жайы талқыланғанын хабарлады.
– Сол жерге инспектор жіберілді. Әкіммен кездестік. Ендігі кезекте бұл кәсіпорын кімге тиесілі екені анықталады, – деді департаментте.
Сондай-ақ аталған фактіні тіркеу үшін түнде бақылау жүргізіледі, ал кейін тексеріс жүргізіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram