«Павлодарэнерго» АҚ бас директорының уақытша міндетін атқарушы тағайындалды
Альбина Ахметова жұмыстан босатылған Вадим Лесиннің орнына тағайындалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Альбина Ахметова бұған дейін 2018 жылдың қазан айынан аталған кәсіпорында бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болған.
1974 жылы 11 мамырда РФ Нижний Новгород облысы, Выкса қаласында дүниеге келген.
1991-1993 жылдар аралығында Павлодар қаласындағы №15 кәсіптік лицейде «бухгалтерлік есеп білімі бар сатушы-саудагер» мамандығы бойынша оқыған. 2000-2004 жылдары Алматы экономика және статистика академиясында «есеп және аудит» мамандығын алған. 2020 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының «Қаржы» ЖҚМ бағдарламасын бітірген.
1993 жылдан Павлодар облысының кәсіпорындарында есепші болып жұмыс істеді. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-да қызметін 1999 жылы Павлодар 3-ЖЭО-да есепші лауазымынан бастаған, 1999 жылдан 2002 жылға дейін «Жылу желілері» ЖШС, «Павлодартеплоэнерго» ЖШС-да қызмет еткен.
2004 жылы «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас бухгалтерінің орынбасары болып тағайындалды. 2008-2014 жылдар аралығында «Павлодар жылу желілері» ЖШС бас есепшісі қызметін атқарды. 2014 жылдан - «Павлодар жылу желілері» ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
2018 жылдың қазан айында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.
Қазақстан бухгалтерлер және бухгалтерлік ұйымдар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының «Салық кеңесшілерінің палатасы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі.
Тұрмыста. Үш бала тәрбиелеп отыр.