Павлодарлық ғалымдар дарындылықты диагностикалау жүйесін зерттейді

Павлодарлық ғалымдар дарындылықты диагностикалау жүйесін зерттейді
Фото: https://www.pexels.com/ Eren Li

Олардың ғылыми жобаларына қаржыландыру бөлінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Margulan University ғалымдары жалпы сомасы 3,2 миллиард теңгеге ғылыми гранттар ұтып алды. Бұл қаражатты Ғылым комитеті төрт жобаға бөлген.

Университет өкілдерінің айтуынша, жобалардың бірі Қазақстандағы дарынды балаларды дамыту үшін педагогтерді даярлауға арналған кешенді ғылыми-инновациялық жүйені құруға бағытталған.

– Жоба дарынды балалармен жұмыс істеу үшін мұғалімдерді даярлаудың қазақстандық педагогикалық технологиясын жасауға бағытталған. Оның бірегейлігі – заманауи диагностикалық және білім беру технологияларын қолдануында. Бұл дарындылықты анықтау мен диагностикалаудың тиімділігін арттырып, педагогикалық кадрларды даярлау сапасын жақсартып, елдің зияткерлік әлеуетінің дамуына ықпал етеді, – деді университет ректоры Ержан Әмірбекұлы.

Аталған жобаға павлодарлық ғалымдармен бірге шетелдік зерттеушілер де қатысып жатыр.