Павлодарда мықты дене шынықтыру мұғалімі қай мектепте жұмыс істейді?

Павлодарда мықты дене шынықтыру мұғалімі қай мектепте жұмыс істейді?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс орталығында үздік дене шынықтыру педагогтері анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мәліметінше, олар кәсіби жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

М. Әлімбаев атындағы мектепте «Үздік дене шынықтыру педагогі-2025» республикалық байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылды.

–   Байқауға қатысушылар үш турда кәсіби жұмыс тәжірибесін, педагог ретінде жұмыстарын таныстырды, бейтаныс сыныптарда дене шынықтыру сабақтарын өткізді, ашық спорттық іс-шараны ұсынды, – деді білім бөлімінде.

Байқау қорытындысы бойынша 10 қатысушы жүлделі орындарға ие болып, номинация иегерлері атанды.

Бас жүлдені № 21 мектептің мұғалімі Әділбек Омар алды. I орынды № 36 мектептің мұғалімі Дмитрий Карпеченко, II орынды М. Әлімбаев атындағы мектептің мұғалімі Айдос Бейсенбаев, III орынды Райымбек Қаратаев жеңіп алды.

«Креативті педагог» номинациясын № 17 мектеп мұғалімі Еркін Қожабеков, № 27 ЖОМ мұғалімі Сергей Ивастов иеленді.

«Заманауи дене шынықтыру сабағы» номинациясы № 11 мектебінің мұғалімі Наталья Парфеновичке, Жетекші мектебінің мұғалімі Тимур Құлатаевқа бұйырды.

«Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара» номинациясын № 39 мектебінің мұғалімі Тамаровский Вячеслав, № 15 мектебінің мұғалімі Сапарали Сапарбеков еншіледі.