Павлодарлық әскерилер Абайға құрмет көрсетті
Бұл жиынға «Нұр-ана әлемі» ұжымы да ат салысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облыстық әкімдігінің алдында орналасқан ұлы ақын Абай Құнанбаевтың мүсініне гүл шоқтары қойылды. Мерекелік іс-шара әскери бөлімнің сарбаздардың қатысуымен өтті. «Нұр-ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шарада ақынның өлеңдері мен әндері шырқалды.
– Семей қаласының тумасы болған соң бұл ақынға жақынмын деп айта аламын. Абайды бұрынғы емес осы заманның ақыны десем қате болмас. Себебі – бүгінгі таңда да жастарға берері көп. Ол қазақ ақыны ғана емес Әлем ақыны атанғаны жалған емес, – дейді 5512 әскери бөлімінің қатардағы сарбазы Нұрым Серіков.
Сондай-ақ, «Нұр-ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің құрамындағы әжелер сарбаздармен бірге Абайдың әнін шырқап, құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын қойды.
– Бүгін біз өзіміздің қамқорлығымызға алған 6679, 5512 әскери бөлімдерінің сарбаздарымен Абайға құмет көрсетіп, Абай күнін атап өттік. Ақын сарбаздар ақынға арнауын арнап, әндерін шырқады. Мұның өзі абайды өнері әлі тірі екеніне дәлел, – дейді "Нұр-Ана әлемі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжамал Максилова.
Шара соңында әскерилер сап түзеп, мүсіннің алдына гүл шоқтарын қойды. "Нұр-Ана әлемі" қоғамдық бірлестігінің мүшелері Абайдың туындылары бар кітаптарды әскери бөлімдерге сыйға берді.
Видео: 5512 әскери бөлімінің 1-рота 1-взвод сарбазы Ерқанат Аяпберген