Павлодарлық әйелдер онколог кеңесін тегін ала алады
Онда маммография мен УДЗ-дан өтуге мүмкіндік бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс орталығында сүт безі обырының алдын алу және ауруды ерте анықтау мақсатында облыстық онкологиялық диспансерде ашық есік күні өтеді. Бұл күні қала тұрғындары дәрігердің кеңесін алып, медициналық көрсетілімдер болған жағдайда маммография мен УДЗ-дан өте алады.
– Ашық есікке келуге ниетті әйелдерге алдын ала жазылу міндетті емес. Тек өзімен бірге жеке куәлігі болса жеткілікті, – делінген хабарламада.
Қабылдау 31 қазан, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Российская көшесі, 57/3 мекенжайындағы А корпусында өтеді.
Қосымша ақпаратты 660091, 660097 және 660098 телефондары арқылы білуге болады.