Павлодарлық аналар қыздарына қатерлі ісіктен сақтайтын екпе салдыруға рұқсат беруде

Павлодарлық аналар қыздарына қатерлі ісіктен сақтайтын екпе салдыруға рұқсат беруде
Фото: Константин Шелков

Облыста адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мақпал Қаржаубайдың айтуынша, бүгінгі таңда 44 қызға екпе егілген. Сондай-ақ, мектептер мен емханаларда түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Облыста 5600 доза вакцина сатып алынды.

– Мен болашақта балам туралы алаңдаймын, сондықтан оған адам папилломасы вирусына қарсы екпе салдыруға рұқсат беремін, – дейді Павлодар тұрғыны, он бір жасар қыздың анасы Оксана Чикина. – Онкология артуда, жатыр мойны обыры жас кезінде пайда бола бастайды. Сондықтан біздің балаларымыздың дені сау және ұрпақтары сау болуы үшін оларды егуді жөн деп санаймын. 

Емхана дәрігерлері балаларды оқыту үдерісінен қол үзбей егу үшін мектептерге өтініштер бойынша барады. 

– Бүгінгі таңда бізде 27 баланың ата – аналары вакцинациялауға келісім берді, – дейді дәрігерлердің әрекет ету алгоритмін түсіндірген №1 емхананың эпидемиолог–дәрігері Қарлығаш Раисова. – Вакцинация жасамас бұрын біз балаларды міндетті түрде тамақтандырамыз, аш қарынға вакцинацияламаймыз. Вакцинациядан кейінгі алғашқы үш күнде бақылау жүргіземіз. 

Вакцинация екі рет жүргізіледі: біріншісі-он бір жаста, екіншісі-алты айда.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Ә. Бөкейхан атындағы мектеп-лицейдің оқушылары,  №9, 4 мектеп вакцинацияланды.