Екібастұздан 70 жастағы қария тікұшақпен облыс орталығына жеткізілді

Екібастұздан 70 жастағы қария тікұшақпен облыс орталығына жеткізілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Егде жастағы ер адамға шұғыл көмек қажет болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағымен медициналық көмекке мұқтаж ер адамды жедел жеткізу үшін Павлодар - Екібастұз- Павлодар бағыты бойынша шұғыл санитарлық рейсті орындады.

Әуе кемесінің экипажы белгіленген бағыт бойынша жедел ұшып шықты. Санитарлық авиацияның медициналық бригадасы ұшу барысында науқастың жағдайын тұрақты бақылауда ұстады.

Қонғаннан кейін науқас әрі қарай қажетті медициналық көмек көрсету үшін медицина мамандарына тапсырылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 1956 жылы туған ер адам бел омыртқасының сынуы диагнозымен Павлодар қаласының №1 ауруханасына жеткізілген. 

— 5 қазанда науқасқа ота жасалды. Ал 6 қазанда ол нейрохирургия бөлімінің палатасына ауыстырылды, - делінген хабарламада.

Ақ желеңділер науқастың біртіндеп белсенділігі артып келе жатқанын әрі жағдайының қанағаттанарлық екенін атап өтті.