Павлодарлық би мектебінде балалар ыңғайлы жағдайда жаттығатын болады

Павлодарлық би мектебінде балалар ыңғайлы жағдайда жаттығатын болады
Фото: Наргиз Күбеш

«Alegria» би мектебінде 400-ден астам оқушы бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Кезекті кәсіпкер – би студиясының жетекшісі Татьяна Исаева ғимаратты жөндеу үшін мемлекеттік қолдауға ие болды.  «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында «Қазақстанның халық банкі» АҚ-нан жылдық ставкасы 19,25 пайыз болатын 20 миллион теңге несие алды. Сегіз пайызын мектеп өзі өтейді, қалған бөлігі мемлекеттік субсидиялармен жабылады. Несие 85 пайызға «Микро және шағын бизнесті қолдау» бірінші бағыты бойынша «Даму» қорының кепілдігімен мақұлданды. 


Білім ордасының 712 шаршы метр болатын заманауи ғимараты бар.

Alegria би мектебі – бұл тек оқу мекемесі емес, белсенді қатысушылары бар қауымдастық. Айына бір рет кинофильмдер, шеберлік сабақтары, джемдер мен түрлі кездесулер өткізіледі. Мектептің өз эмблемасы мен формасы бар, ал жаз мезгілінде оқушыларға арналған спорттық лагерьлер ұйымдастырылады.

Татьяна Исаева 11 жыл оқушылар саны мен айналысатын аймақ бойынша ең ірі би мектебін басқарады. Зал іс-шараларға дайындалуға, яғни мәдениет үйінің сахнасы талаптарына сай келеді. Сондай-ақ, «Даму-Өндіріс»» бағдарламасы нәтижесінде барлық қажетті заттармен жабдықталған акробатика залы бар. 

– Біз қымбат акробатикалық жабындыны жаңарттық. Енді балалар ыңғайлы жағдайда жаттығатын болады. Сондай-ақ киім ауыстыратын бөлмелер жаңартылды. Басқа елдерден еденге арналған киім ауыстыратын бөлмедегі жабынды күтудеміз, – дейді Татьяна Исаева. 

Спикердің сөзінше, жөндеу әлі аяқталмаған. Ыңғайлы жұмыс істеу үшін жаттықтырушының жағдайлары да барынша жақсарған. 

– Жылдар бойы жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін болмады. Біз барлығын өзіміз салдық, мемлекеттік қолдау бойынша үлкен қаржылық инвестиция құйылды, – дейді ол.

Қазіргі уақытта мектепте 12 қызметкер, сегіз жаттықтырушы жұмыс істейді. Мектепте 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар оқиды. Ең ірі наградалардың бірі – Мәскеудегі халықаралық конкурстан алған үшінші орын, Қазақстанда көшбасшы ретінде танылуға себепші болған Қазақстан Республикасы кубогындағы жеңіс және Қазақстан Республикасы чемпионатында алған екінші орын. 

Айта кетейік, бағдарлама бойынша субсидия немесе кепілдік алу үшін кәсіпкерлер online.damu.kz платформасы, egov.kz веб-порталы арқылы қашықтан немесе «Даму» қорының өз өңіріндегі филиалына өтінім бере алады.