Павлодарлық дәрігерлер ұзаққа созылған сырқаттың емін тапты
82 жастағы науқас өз тарихымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар тұрғыны ұзақ жылдар бойы тригеминальды невралгиядан зардап шегіп келген. Дегенмен соңғы екі айда ауырсыну күшейіп, электр тогының соғуы сияқты ауырсынуды қатты сезінген. Оған дәрілер мен екпелер көмектеспеген. Науқас тамақтануды тоқтатқаннан кейін қатты әлсіреген.
Науқастың сырқатына емді павлодарлық нейрохирургтер тапты. Оған жоғары технологиялық медициналық көмек тегін көрсетілді.
Дәрігерлердің айтуынша, МӘМС енгізілуімен мұндай операциялар облыстың сақтандырылған тұрғындары үшін қолжетімді болды. МӘМС жүйесіне қатыспайтын қазақстандықтар үшін мұндай операцияның құны 348 мың теңгеге жетеді.
- Жоғары технологиялық медициналық көмектің жекелеген түрлері МӘМС жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесіне кіреді. Медициналық сақтандыру қорының деректер базасына енгізілген клиникалар пациенттерге медициналық қызмет көрсете алады, - деп түсіндірді "ӘМСҚ" КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Жангелді Шаймбетов.
Ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі барлық сақтандырылған азаматтар үшін кірістер мен аударымдардың мөлшеріне қарамастан сапалы медициналық көмекке тең қолжетімділікті қамтамасыз ететінін атап өтті.
Жедел жағдайлар мен хирургиялық араласулардан кейін қалпына келтіру МӘМС пакетінде де қолжетімді болады. Әр адам медициналық ұйымды өзі таңдай алады әрі онда ол тексеріліп, емделеді.