Павлодар облысында 50 шақты тұрғын донорлар тізіліміне қосылды

Павлодар облысында 50 шақты тұрғын донорлар тізіліміне қосылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыстық қан орталығында «Өмірді сақта – гемопоэтикалық дің жасушаларының доноры бол!» акциясы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Ерікті тегін донорлықты дамыту жоспарына сәйкес ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – гемопоэтикалық дің жасушаларының донорлығының маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру және жаңа донорларды тарту. 

Акция барысында облыстың 44 тұрғыны гемопоэтикалық дің жасушаларының донорларының ұлттық тізіліміне қосылды. Бұл  – адам өмірін сақтап қалу жолындағы маңызды қадам, – дейді қан орталығында. 

Орталықта маңызды іс-шараға белсенді қатысқан жандарға  алғыс білдіреді.

Еске сала кетейік, 18 жастан асқан дені сау қан тапсыруға тілек білдірген кез келген адам донор бола алады. Азаматтың салмағы 50 келіден кем болмауы тиіс. Ең алдымен донор болғысы келетін тұрғын тіркеу бөліміне келеді. Ол жерде азаматтың жеке басы анықталып, арнайы донорлық база арқылы онкологиялық және тубдиспансерде есепте тұрмағаны тексеріледі. Содан кейін медициналық анализдер тапсырылады. Бұл әлеуетті донордың қан тобы мен резус фактор, гемоглобин, АЛТ және Ке11 антиген анықтау үшін керек.