Балтамен шапқан: Павлодарлық хирургтар қолды сәтті тігіп берді
Науқасты алда оңалту күтіп тұр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық аурухананың мәліметінше, былтырғы жылдың 7-ші қазанында №1 ауруханаға қолын шауып алған науқас түсті. Владимир Дмитриенко өз үйінің ауласында ағаш кесіп отырған кезде байқаусызда балтамен қолын ұрып жіберген. Травматологтар, қан тамырлары хирургтары, анестезиологтар мен медбикелерден тұратын дәрігерлер тобы үш сағаттан кейін қолды сәтті тігіп үлгерді.
–Бірте-бірте науқастың сезімталдығы қайта оралуда, ол қолын сәл қозғалта алады. Алда оны оңалту күтіп тұр, – дейді дәрігер.
Бүгін қалалық ауруханаға облыстық мәслихат депутаттары келіп, дәрігерлерге алғыс хаттарын табыс етті.
Сәтті ота жасаған дәрігерлер тобы: Нұржан Қазкен, Тимур Сексембаев, Руслан Исмаилов, Досымхан Қасымханов, Ернұр Нүркебаев, Майя Қажкенова, Мағзира Қалкенова.